Медведев Януковичті жетістігімен құттықтады
АСТАНА. Ақпанның 9-ы. ҚазАқпарат - Ресей президенті Дмитрий Медведев бүгін, ақпанның 9-ында болған телефонмен сөйлесуде Аймақтар партиясының көшбасшысы Виктор Януковичті Украина президентінің сайлауында қол жеткізген жетістігімен құттықтады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК сайтына сілтеме жасап.
Украина Орталық сайлау комиссиясының соңғы деректері бойынша, учаскелік сайлау комиссиялары электрондық хаттамаларының 99,97 пайызын өңдегеннен кейін Янукович - президенттік сайлаудың екінші турында сайлаушылардың 48,95 пайыз, Украинаның премьер-министрі Юлия Тимошенко 45,47 пайыз дауысын жинады.