Мексика әскері Халиско штатында картель жетекшісі Эль-Менчоны өлтірді

АСТАНА. KAZINFORM – Мексика әскері Халиско Жаңа ұрпақ картельінің жетекшісі, Эль-Менчо деген атпен белгілі Немесио Осегуера Сервантесті өлтірді, деп хабарлайды Kazinform DW басылымына сілтеме жасап.

Мексика әскері Халиско штатында картель жетекшісі Эль-Менчоны өлтірді
Фото: instagram.com/tvnnoticias

Ассошиэйтед Пресс агенттігінің аты аталмаған федералды шенеунікке сілтеме жасап хабарлауынша, бұл – Мексиканың ең қуатты картельіне соққы және биліктің АҚШ президенті Трампқа есірткі саудасымен күрестегі ең үлкен табысы.

Вашингтондағы Мексика елшілігі әскери операцияға қатысты қосымша ақпаратты АҚШ бергенін айтты.

Шенеуніктің cөзінше, операция АҚШ-қа фентанил мен кокаин тасымалдайтын картель орналасқан Мексиканың батысындағы Халиско штатында болған. Бұл аймақта жаппай тәртіпсіздіктерге, соның ішінде жолдар мен көліктердің өртенуіне әкелді. Әлеуметтік желілерде Халискодағы Пуэрто-Вальярта туристік қалашығының үстінен түтіннің бұрқасындары, сондай-ақ штат астанасы Гвадалахара әуежайы арқылы үрейленіп кеткен адамдардың видеолары таратылды.

АҚШ Мемлекеттік департаменті бұған дейін Эль Менчоның тұтқындалуына себепші болған ақпарат үшін 15 миллион долларға дейін сыйақы ұсынған. Картель 2009 жылы құрылған және АҚШ Әділет министрлігінің мәліметі бойынша, Мексикадағы ең қатыгез қылмыстық ұйымдардың біріне айналды.

АҚШ Мемлекеттік хатшысының орынбасары Кристофер Ландау Эль Менчоның өлімін «Мексика, АҚШ, Латын Америкасы және әлем үшін үлкен оқиға» деп атады. Сонымен бірге, Мемлекеттік департамент Жалиско, Тамаулипас, Мичоакан, Герреро және Нуэво-Леон штаттарындағы америкалық азаматтарды жалғасып жатқан әскери операцияларға байланысты қауіпсіз жерлерде қалуға шақырды. 

Осыған дейін Трамп Колумбия, Мексика және Кубаға ескерту жасағанын жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар
Референдум