Мексика футболдан әлем чемпионаты 1/8 финалына шықты

АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін футболдан 2026 жылғы әлем чемпионаты 1/8 финалына жолдама алған тағы бір құрама анықталды.

Мексика футболдан әлем чемпионаты 1/8 финалына шықты
Фото: Championat.com

Плей-офф сатысында Мексика және Эквадор шеберлік байқасты.

Мамандар бұл кездесуде қос құраманың да мүмкіндігі бірдей деп бағалаған еді. Олар әлемдік деңгейде жоғары жетістігімен көзге түсе қойған жоқ. Десе де кез-келген қарсыласына лайықты төтеп беріп, жақсы нәтижесімен танылып жүр. Сондықтан кездесу тартысты өтетіні белгілі еді.

Алғашқы минуттан тартысты ойын өрбіткен жылдам гол соғу мүмкіндігін іздеген еді. Осындай сәттердің бірінде мексикалық Хулиан Киньонес 22-минутта мергендігімен көзге түссе, одан кейін Рауль Хименес басымдықты арттыра түсті. Осылайша Мексика қарсыласынан 2:0 есебімен басым түсіп, жарыстың келесі сатысына шықты.

Айта кетсек, бұдан бұрын Канада, Бразилия, Парагвай, Марокко, Норвегия, Франция құрамалары 1/8 финалға шықты.

Айта кетсек, 1/8 финалдағы кейбір құрамалар өз қарсыластарын анықтады. Алдымен 4 шілдеде Қазақстан уақытымен 22:00–де Канада — Марокко кездессе, 5 шілдеде 02:00–де Парагвай — Франция, 6 шілдеде 01:00–де Бразилия — Норвегия жасыл алаңға шығады.
Айта кетсек, бұдан бұрын әлем чемпионатында Франция Швецияны ойсырата жеңіп, чемпионаттың 1/8 финалына шықты.