Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Мексика жағалауында магнитудасы 7,3 болатын жойқын жер сілкінісі тіркелді

АСТАНА. KAZINFORM – Тынық мұхитындағы Мексика жағалауында магнитудасы 7,3 болатын күшті жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Анадолы.

зілзала
Фото: Анадолы

АҚШ Геологиялық қызметінің (USGS) мәліметінше, жер сілкінісінің эпицентрі Акилес-Сердан ауданынан оңтүстік-батысқа қарай шамамен 48 шақырым жерде жатыр.

Жерасты дүмпуінің ошағы 15,2 шақырым тереңдікте болған.

Осыған дейін хабарлағанымыздай, Жаңа Зеландияда 6,3 магнитудалық жер сілкінісінен кейін цунами қаупі туралы ескерту жасалды.