Мексикада АҚШ-тың екі дипломаты оққа ұшты

АСТАНА. Наурыздың 15-і. ҚазАқпарат - Мексикада белгісіз біреу жасаған шабуылдың салдарынан американдық дипломатиялық миссиясының үш мүшесі қаза тапты, олардың екеуі - АҚШ азаматтары.

Мексикада   АҚШ-тың екі  дипломаты  оққа  ұшты

Жергілікті өкіметтің мәлімдеме бойынша, оқиға елдің солтүстігіндегі Сьюдад-Хуарес қаласында болған, деп хабарлайды РБК агенттігі.

Әзірге, автокөлік мінген белгісіз біреудің дипломаттарға жақын келіп, оларға автоматтық қарудан оқ ашқаны ғана мәлім. Оқиға салдарынан екі американдық азамат пен бір мексикалық әйел опат болған. Қылмыскердің ұсталған-ұстамалғаны туралы әзірге мәлімет жоқ.