Мексикада автобус аударылып, 18 адам қаза тапты

АСТАНА. KAZINFORM – Мексиканың Оахака штатында жолаушылар автобусы аударылып, 18 адам қаза тапты, 29 адам жарақат алды, деп жазады Анадолы.

Мексикада 18 адам қаза тапты
Фото: Anadolu

Штат губернаторы Саломон Хара ел астанасы Мехикодан келе жатқан автобустың Митла-Теуантепек тас жолында апатқа ұшырағанын мәлімдеген.

Оның айтуынша, 29 адам зардап шеккен, екеуінің жағдайы ауыр. Барлық жараланғандар ауруханаларға жеткізілген.

Губернатор қаза болғандардың туыстарына көңіл айтып, апаттың себептері анықталатынын атап өтті.

Жергілікті баспасөздің хабарлауынша, қаза тапқандар билеуші «Ұлттық жаңғыру қозғалысы» (MORENA) партиясының жақтастары болған. Олар жексенбі күні Мехикодағы президент Клаудия Шейнбаумның митингісінен қайтып келе жатқан.

Айта кетейік, Түркияның солтүстік-батысында жол апатынан 37 адам зардап шеккенін жазған едік.

26 ақпан күні Таиландтың Бангкок қаласынан шығысқа қарай орналасқан Прачинбури провинциясында туристік автобус аударылып, 18 адам қаза тауып, 23 адам жарақат алды.

Соңғы жаңалықтар