Мексикада белгісіз біреулер жасөспірімдер мінген автобусқа оқ жаудырды, оқиға салдарынан 10 адам опат болды

АСТАНА. Наурыздың 30-ы. ҚазАқпарат - Мексикада белгісіз біреулер оқушылар мінген автобусқа оқ жаудырып, граналар лақтырды.

Мексикада белгісіз біреулер   жасөспірімдер мінген автобусқа оқ жаудырды,  оқиға салдарынан 10  адам опат болды

Оқиға салдарынан 13 пен 21 жастың аралығындағы 10 адам қаза болды, деп хабарлайды РБК агенттігі елдің құқық қорғау органдарына сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға Мексиканың Дуранго штатындағы Лос Наранхос елді мекеніне жақын жерде болған. Алдын ала мәліметтер бойынша, шабуылды жергілікті есірткі картельдерінің бірінің жасақтары ұйымдастырған және олардың мақсаты - ұйымдасқан қылмыспен және есірткінің заңсыз айналымымен күрес жүргізіп жатқан федеральдық өкіметті қорқыту болған.