Мексикада дүкенде болған өрттен 22 адам көз жұмды

АСТАНА. KAZINFORM – Мексиканың солтүстік батысында орналасқан Эрмосильо қаласындағы дүкенде болған өрттен 22 адам қаза болды, олардың ішінде 4 бала бар, деп хабарлайды ресейлік ТАСС El Universal басылымына сілтеме жасап.

Мексикада дүкенде болған өртттен 22 адам көз жұмды
Фото: report.az

Аталған ақпаратта 12 адамның түрлі дәрежеде жарақат алып, ауруханаға жеткізілгені хабарланған. Сондай-ақ хабарда өрттің жаралыстан кейін шыққаны айтылған.

Басылым өртке қарсы қызметке сілтеме жасап, өрттің сауда нысанының кіріберісінен туындағанын және дүкенге келген көптеген адамның дүкен ішінде қалып қойғаны айтылады. Өрт сөндірілді, және оның өзге ғимараттарды шарпуының алды алынды.

Сонор штатының билігі оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Алдын ала болжамдардың бірі техникалық ақау болып отыр. Ғимаратта тез тұтанатын заттар да болуы ықтимал.

Осыған дейін Мысырдағы Ніл өзенінде 200 турист мінген кеме өртенгені туралы жадық.

 

Соңғы жаңалықтар