Мексикада екі ұшақ соқтығысты, қаза тапқандар бар

Мексиканың солтүстігіндегі Дуранго штатында жолаушы тасымалдайтын жеңіл моторлы екі жекеменшік ұшақ соқтығысты. Оқиға салдарынан кем дегенде 5 адам қаза тапты, олардың арасында бір бала бар. ҚазАқпарат бұл туралы Anadolu агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

ұшақ апаты
Фото: pixabay

Жергілікті биліктің мәліметінше, оқиға бүгін таңертең болған.

Ұшақтар соқтығысқаннан кейін өртке оранған, бұл адамдардың қазасына алып келген.

Апатқа байланысты тергеу амалдары басталды.

Соңғы жаңалықтар