Мексикада «Мари» дауылынан 10 мың жанұя зардап шекті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мексикада Тынық мұхиты жағалауының бойымен АҚШ-қа бет алған "Мари" дауылынан 10 мың жанұя зардап шекті, деп жазады шетелдік БАҚ.
None
None

Елдің оңтүстік батысында орналасқан Оахака штатының ең көп зардап шеккен 10 муниципалитетінде төтенше жағдай жарияланды.

Дауыл эпицентріндегі жел жылдамдығы қазіргі уақытта сағатына 230 километрді құрайды. Алайда метеорологтар "Мари" сәл бәсеңдеп келе жатқанын хабарлаған.

Мексиканың батыс жағалауы өткен жылдың қыркүйегінде "Мануэль" дауылынан қатты зардап шеккен. Сол кезде, елде ресми деректер бойынша, 157 адам қаза тапқан. Инфрақұрылымға да біраз зиян тиген еді.

Соңғы жаңалықтар