Мексикада төтенше жағдай: Колима жанартауы атқылап жатыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мексикада Колима жанартауы атқылауына байланысты төтенше жағдай жарияланды. Бұл штаттың бес муниципиясына қатысты, деп хабарлады РИА Новости.
None
None

Бір апта бұрын Колима жанартауы атқылай бастады. Осыған байланысты жақын жердегі елді мекендердің жүздеген адамы қауіпсіз жерге шығарылды.

Жанартау Колима және Халиско штаттарының аумағында орналасқан. Оны «Отты жанартау» деп атайды. 1576 жылы оның 40-тан астам рет атқылағаны тіркелген.

Соңғы жаңалықтар