Мексикадағы тәртіпсіздік: ҚР СІМ қазақстандықтарға үндеу жасады

АСТАНА. KAZINFORM — ҚР Сыртқы істер министрлігі жаппай тәртіпсіздіктер орын алған Мексикадағы жағдайға байланысты сол елге барған қазақстандықтарға үндеу жасады.

МИД РК  ҚР СІМ
Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform

Ведомство мәліметіне қарағанда, қазіргі уақытта Мексикада 35 Қазақстан азаматы консулдық есепте тұр.

— Қазақстанның Мексикадағы Елшілігі елдегі ахуалға мұқият қарап отыр және отандастармен тұрақты байланыста. Қазақстан азаматтарына сабыр сақтап, қырағылық танытуға және қауіпті жерлерге бармауға кеңес береміз, - делінген ҚР СІМ ақпаратында.

Еске салайық, жексенбі күні Мексиканың батысындағы кейбір аудандарда әскери операция кезінде қақтығыстар болды. Мексика әскері Халиско Жаңа ұрпақ картельінің жетекшісі, Эль-Менчо деген атпен белгілі Немесио Осегуера Сервантесті өлтірді. 

Соңғы жаңалықтар
Референдум