10:29, 20 Қыркүйек 2017 | GMT +5
Мексикадағы қуатты жер сілкінісі Попокатепетль жанартауын оятты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мексикадағы аса қуатты жер сілкінісі Мехиконың жанында орналасқан Попокатепетль жанартауын оятты.
Жанартау сәрсенбіге қараған түні атқылады.
Мексикалық сейсмологтар жанартаудың жағдайын «қызыл дабыл» - ең жоғары деңгейлердің бірі деп бағалауда.
7,1 магнитудалы жерасты дүмпуінің ошағы Пуэбла-де-Сарагоса қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 49 шақырым қашықтықта орналасқан.
Кем дегенде 200 адам қаза тапты, деп хабарлайды Milenio телеарнасы.
Тек Мехико қаласында ғана 44 ғимарат қирады, олардың көбісі - халық тығыз орналасқан аудандарда.
Зардап шеккен аудандарда төтенше жағдай жарияланды. Ел астанасы Мехикоға 3 мың әскери қызметкер тартылды.