08:03, 23 Ақпан 2009 | GMT +5
Мектеп асханаларын тегін жалға беру оқушылар тамағының сапасын жақсартып, бағасын арзандатады - Павлодар облысы
ПАВЛОДАР. Ақпанның 23-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар облыстық қаржы басқармасының бастығы Батыржан Биғалиев мектеп асханаларын кәсіпкерлерге тегін жалға беру туралы ұсыныс жасады,
![None None](/static/img/plug.webp)
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Аймақтың бас қаржыгерінің пікірінше, бұл бастама арендаторларға мектептердегі түскі астың бағасын көтермеуге, ас мәзірін әртүрлі етуге және тамақтың сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Мектеп асханаларын жалдайтын кәсіпкерлерге қолдау көрсету ісі облыс бюджетіне 30 миллион теңгеге түскелі отыр - облыстың оқу мекемелерінің бюджеттеріне арендаторлардан жыл сайын осыншама сома түсіп отырады.