14:46, 21 Желтоқсан 2009 | GMT +5
Мектеп директоры қызмет көлігін сатып жіберген
ТАЛДЫҚОРҒАН. Желтоқсанның 21-і. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ - Алматы облысы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін мектеп директорының үстінен қылмыстық іс қозғады.

Департаменттің баспасөз қызметінен хабарлағандай, мектеп директоры өзінің бас пайдасы үшін мектептің балансындағы «Nissan Sunny» маркалы автокөлікті өртеніп кеткені туралы жалған акті толтырып, ол машинаны кейін жеке тұлғаға сатып жіберген.
Мектеп директорының мемлекетке келтірген шығыны 384 мың теңгені құрады.