Мектеп оқушыларының облыстық олимпиадасында дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мектеп-интернаты шәкірттері үздік шықты
ОРАЛ. Наурыздың 25-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Мектеп оқушыларының облыстық олимпиадасында дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мектеп-интернаты шәкірттері үздік шықты,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Сондай-ақ облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернаты, қазақ-түрік лицейі, Орал қаласындағы №35 мектеп-лицей, №20 орта мектеп, Ақжайық ауданынан Абай атындағы, Базартөбе, Қаршы, Сырымнан Қ.Мырзалиев атындағы мектеп оқушылары жақсы нәтижеге қол жеткізді. Барлығы 92 мектептен 364 оқушы қатысқан сайыста соның 108-і жеңімпаз немесе жүлдегер атанса, соның 29-ы ? №11 мектептен. Мұнда Марфуға Ізмағамбетова (химия), Гүлмира Мұсағалиева (математика) сынды ұстаздардың шәкірттері жыл сайын жүлдеге ілініп келеді. Республикалық сараптау комиссиясына барлығы 49 жұмыс ұсынылса, соның он бірі аталмыш білім ордасынан болып отыр.