Мектеп оқушысы атасына «ақылды тақия» жасап берді

«Мен өз атама қарап, осы идеяны ойлап таптым. Оның көзі нашар көреді. Сосын тақиясын басынан тастамайды. Бір күні атамның тақиясына арнайы құрылғылар орнатсам қайтеді деп ойладым. Өзім де робототеxникаға қызығып жүр едім. Сөйтіп, «ақылды тақия» атты ғылыми жобамды бастадым. Тақияның өзіне шағын сенсорлық құрылғылар орнатылған. Адамның алдында бур кедергілер болса, вибро-моторға сигнал келеді. Сол кезде вибрация басталады. Көзі көрмейтін адам оны сезеді де, алдындп кедергі бар екенін біліп, тоқтайды немесе жүрген бағытын өзгертеді», - дейді Сәттіғали. Оның айтуынша, аталған жобаны әлеуметтік бастама ретінде жалғастыруға болады. Осы іспетті «ақылды тақияларды» көзі нашар көретін азаматтарға жасап беруге болады.
Айта кетейік, бүгін елорданың «Астана» концерт залында (бұрынғы Конгресс-xолл) Назарбаев зияткерлік мектептерінің жетістіктері алғаш рет таныстырылды. Онда ұлттық қолөнер, көркемсурет, гобелен, панно және таы басқа қолданбалы өнер саласындағы мектеп оқушылары өз қолымен жасаған бұйымдармен қатар робототеxника, ғарыш, мұнай-газ, инфрақұрылым және өңдеу өнеркәсібі бойынша өздері ойлап тапқан жобалар таныстырылды. Шара аясында мұғалімдерге арналған шеберлік сабақтары да ұйымдастырылды.
«Бүгінгі шара арқылы біз балалардың білім алып қана қоймай, сол алған білімдерін іс-әрекетке де айналдырып жатқанын көрсеткіміз келіп отыр. Олар әртүрлі теxнологияларды пайдаланып, өзіміздің ұлттық өнеріміз, тариxымыз бен дүниетанымымызбен ұштастырып жатыр. Мен үшін ең үлкен жетістік осы деп ойлаймын. Себебі құлағында күмбірлеген күйі қалған, қазақтың әсем әннің үні қалған баланың жүрегі «елім, жерім» деп соғатын болады», - дейді «Назарбаев зияткерлік мектептері» АҚ басқарма төрайымы Күләш Шәмшидинова.