Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Мектеп жасына дейінгі балалар инттеллектуалды олимпиадаға қатысты - Павлодар

ПАВЛОДАР. 25 қаңтар. ҚазАқпарат - Павлодарда «Жауқазын» олимпиадасының негізгі кезеңі аяқталды. Оған мектепке дейінгі мекемелердің дайындық тобындағы балалар қатысты, деп хабарлады білім басқармасынан.

Мектеп жасына дейінгі балалар инттеллектуалды олимпиадаға қатысты - Павлодар

Интеллектуалды сайыста облыс орталығының 53 балабақшасынан 104 тәрбиеленуші білім жарыстырды. Оның қорытындысы бойынша, олимпиадаға қатысушы бөбектердің алпысы осы жылдың сәуір айында өтетін қорытынды кезеңге қатысады. Барлық балаларға «Жауқазын-2014» сертификаттары мен медальдары тапсырылды. Интеллектуалды олимпиада аясында «Мектепке дейінгі оқушыларды жалпы білім беретін мектептер мен лицейлерге түсу үшін дайындау» деген атаумен мектепке дейінгі мекемелердің педагогтары мен дарынды балалардың ата-аналарының қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Білім басқармасы мен «Ертіс дарыны» аймақтық ғылыми-тәжірибелік орталығы өткізген «Жауқазын» олимпиадасы жыл өткен сайын кеңінен танылып, оған қатысушылар саны да өсіп келеді. Ұйымдастырушылар осыған ұқсас жарысты Екібастұз бен Ақсу қалаларының жас интеллектуалдарының арасында өткізуді де жоспарлап отыр.