20:17, 02 Қыркүйек 2015 | GMT +5
«Мектепке жол» акциясы аясында «Қазақмыс» балалар үйіне қомақты қаржы бөлді - Жезқазған
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазақмыс» корпорациясы жыл сайын өтетін республикалық «Мектепке жол» акциясы аясында биыл Жезқазғандағы «Үміт» балалар үйінің тәрбиеленушілеріне 15 миллион теңге қаржы бөлді, деп хабарлады корпорацияның баспасөз қызметінен.

Бөлінген қаржы мекеменің қайта оңтайландыруына, спорт және балалар алаңына, сондай-ақ электронды техника мен компьютер алуына бағытталған.
Салтанатты іс-шараның құрметті қонақтары «Жезқазған түстімет» ӨБ бас директоры Қайрат Шалмағамбетов, сенатор Сергей Ершов және Мәжіліс депутаты Арман Қожахметов болды. Меймандар қайта оңтайландырылған спорт алаңын аралап, балаларды биылғы жаңа оқу жылымен құттықтады.