Мектептерде терактілер дайындалып жатыр: полиция түсініктеме берді

АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін Абай облысының полиция департаменті білім беру мекемелерінде теракт дайындалып жатқаны туралы хабарламаларға байланысты түсініктеме берді.

полиция
Фото: Polisia.kz

— Мессенджерлер мен чаттарда мектептерде террорлық актілер дайындалып жатқаны туралы жалған ақпарат таратылып жатыр. Аталған мәліметтер шындыққа жанаспайды және халық арасында үрей мен алаңдаушылық туғызуға бағытталған. Полиция департаменті азаматтарды сабыр сақтауға, арандатушылыққа берілмеуге және тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырады, — делінген хабарламада.

Терактілер туралы көрінеу жалған ақпарат тарату — қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады.

— Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, мұндай әрекет үшін 18 миллион теңгеге дейін айыппұл салу немесе бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Құрметті ата-аналар, осы ақпаратты балаларыңызға түсіндіріңіздер. Абайсызда жасалған әрекеттер ауыр құқықтық салдарға әкелуі мүмкін, — делінген полиция хабарламасында.

Айта кетелік Абай облысы әкімінің орынбасары Димитрий Гариков қызметінен кеткен еді

 

Соңғы жаңалықтар