Мектептердегі ақпараттық орталық жаңа жүйеге көшеді

ҚЫЗЫЛОРДА. Қаңтардың 19-ы. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ - Қызылорда қаласындағы №136 орта мектепте өткен "Ақпараттық білім беру орталығы – кітапхана" деп аталатын семинар-тренинг автоматтандыру жүйесіне көшкен мектеп кітапханасының материалдық жағдайын, жалпы жұмыс барысын саралады.
None
None
Заман талабына сай технологиямен жарақталған білім ошақтарында қосымша ақпарат ісін жаңа жолға қоюдың маңызы зор. Бұл жөнінде сала меңгерушісі Ырысалды Біршеева баян етті. Барлық атаулы күндер мен белгіленген іс-шаралардың кітапхана арқылы жүзеге асатынын ескерсек, осы бағыттағы жаңа міндеттерге бет бұру кезек күттірмейтін талап. Осы төңіректе пікірін білдірген мектеп директоры Қайыркүл Әбдиева жаңашылдардың тынымсыз еңбегіне ризашылығын жеткізді. Бір ғана оқу ордасындағы кітапхананың өз жұмысына есеп берген семинар қорытындысынан оның облыс көлеміндегі өз әріптестеріне үлгі боларлық жақтары байқалды.
Соңғы жаңалықтар