Мектептердің 96 пайызы Интернетке қосылған ? Ж.Түймебаев

АСТАНА. Қаңтардың 22-сі. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Республикадағы мектептердің 96 пайызы Интернетке қосылған. Бұл туралы бүгін ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтың қатысуымен өткен 2008 жылдың қорытындысына арналған кеңейтілген алқа мәжілісінде ҚР Білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаев мәлім етті,

Мектептердің 96 пайызы Интернетке қосылған ? Ж.Түймебаев
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Министр ұсынған мәліметке сәйкес, елімізде компьютермен қамту жұмысы оңтайлы жүргізіліп келеді. Бүгінде 1 балаға - 20, ал ауылды жерлерде 18 компьютерден келеді. Мектептердің 96 пайызы Интернетке және 31 пайызы кең форматты ғаламторға қосылған. «Сондай-ақ республика бойынша еліміздің тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 20 интеллектуалдық мектебін ашу бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде. Осы мектептердің шәкірттері халықаралық бағдарламалар бойынша оқытылады», - деді Ж.Түймебаев.