Мелания Трамптың өмірі: АҚШ-тың бірінші ханымы туралы фильм жарыққа шығады

АСТАНА. KAZINFORM — Ақ үйде жаңа «Мелания» деректі фильмінің жабық көрсетілімі өтті, деп хабарлайды Reuters.

Мелания Трамптың өмірі: АҚШ-тың бірінші ханымы туралы фильм жарыққа шығады
Фото: https://x.com/MELANIATRUMP

Бірінші ханым кеңесшісінің айтуынша, фильм президент Дональд Трамптың екінші инаугурациясына дейінгі өмірінің 20 күніне арналған. Картинаның әлемдік премьерасы 30 қаңтарда өтеді деп жоспарланып отыр. Мелания Трамптың сыртқы кеңесшісі және агенті Марк Бекманның айтуынша, жабық көрсетілімде фильмді президенттің отбасы мүшелері мен жақын достары тамашалады.

Деректі фильмнен Дональд Трамптың екінші рет президент болып сайланған уақытында жабық өмір салтын ұстанған бірінші ханымның қыр-сырларын көруге болады.

Фильмнің трейлері 2025 жылдың қаңтарындағы инаугурациямен басталады. АҚШ Капитолийіндегі салтанатты шараға Мелания Трамп көкшіл кең жиекті қалпақ киіп шықты. Фильм сонымен қатар оның президенттің бейресми кеңесшісі ретіндегі рөлін, соның ішінде инаугурацияда «бітімгер және біріктіруші» бейнесіне баса назар аударуды ұсынатын эпизодты көрсетеді.

Жобаның продюсері Марк Бекман Amazon-ға тиесілі MGM Studios-пен 40 миллион долларлық келісімді қадағалады. Биыл жыл соңына дейін Мелания Трамптың негізгі бастамасының бірі патронаттық тәрбиедегі балаларды қолдауға бағытталған деректі фильмдер сериялы шығады деп жоспарланған.

Бекманның айтуынша, фильм саяси емес — оның шығармашылық бағытын бірінші ханым өзі бақылаған. Таспада оның стилі, дипломатиялық әрекеттері және қауіпсіздік мәселелері мен президенттің әзілден алыс еместігін көрсететін эпизодтар бар.

Дереккөздің хабарлауынша, шараға Майк Тайсон мен Иордания патшайымы Ранияны қосқанда 70-ке жуық қонақ шақырылды. Олардың қатарында Amazon бас директоры Энди Джасси, Amazon MGM Studios бас директоры Майк Хопкинс, директор Бретт Ратнер және General Electric бас директоры Ларри Калп болды.

Фильм прокатқа шықпас бұрын, президенттік жұптың Директорлар кеңесі болып өзгертілген Джон Кеннеди атындағы орындаушылық өнер орталығындағы ресми премьераға қатысатыны жоспарланған. Сонымен қатар, Мелания Трамп фильмді насихаттау аясында Нью-Йорк қор биржасында сауда-саттықтың ашылу салтанатына қатысады.

Айта кетейік, Голливудта «Оскар» номинанттары жарияланды.

Соңғы жаңалықтар