Мелиорация туралы арнайы заң қабылдау қажет
атты тақырыпта өткен жиында сенатор Қуаныш Айтаханов осындай ұсыныс жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Бүгінгі таңда республикада суармалы жерлерді пайдаланудың тиімділігі туралы нақты деректер жоқтың қасы. Сондықтан да, республикалық ақпарат агенттігінің статистикалық мәліметтерінде суармалы жерлердің жағдайын облыстар бойынша көрсететін ақпараттар қамтылуы тиіс. Бұдан бөлек, бұрыннан айтылып жүрген «Мелиорация туралы» заңның аса қажеттігін тағы да баса айтқым келеді», деді Қ. Айтаханов.
Сенатордың айтуынша, аталған заңда жерді мелиорациялау бойынша мемлекеттік органдар мен жер пайдаланушылардың жауапкершілігі, су шаруашылығына қатысты мемлекеттік реттеу шаралары қарастылуы тиіс. Бұдан басқа, заңда мелиорация жұмыстарын жүргізетін кадрларды дайындау мен қайта дайындау мәселелері де қамтылған орынды.