Мелони мен Макронның келіссөзі үш сағаттан астам уақытқа созылды
АСТАНА. KAZINFORM — Сейсенбі күні Римде Италия премьер-министрі Джорджа Мелони Франция президенті Эмманюэль Макронмен кездесті, деп хабарлайды Kazinform тілшісі.

Келіссөз Украинадағы жағдай мен Еуроодақтың автомобиль өнеркәсібінен энергетикаға дейінгі бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған. Бұл ретте Дж.Мелони мен Э.Макронның кездесуі бір күн бұрын күткеннен ұзағырақ, шамамен үш сағатқа созылды.
— Италия мен Франция еуропалық құрылыстың негізін қалаушы елдер ретінде рөліне адал, бейбітшілікке бағдарланған және оның мүдделерін қорғай алатын және өз азаматтарын қорғай алатын егеменді, күшті және гүлденген Еуропаға деген адалдығын нығайтуға ниетті, — делінген екіжақты кездесуден кейін Рим мен Париждің келісілген бірлескен мәлімдемесінде.
Палаццо Киджиде (Италия үкіметінің резиденциясы) өткен кездесу барысында Еуропалық күн тәртібінің бірқатар негізгі мәселесі бойынша ортақ ұстанымдар анықталды. Атап айтқанда, Еуропаның бәсекеге қабілеттілігі мен өркендеуін қамтамасыз ету үшін бұл мәселелерге өршіл және жедел түрде кірісу қажеттігі атап өтілді. Сондай-ақ реттеуді жеңілдету, мемлекеттік және жекеменшік инвестициялар, энергетика және технологиялық бейтараптық қағидатын толық іске асыру жайы сөз болды. Жалпы алғанда, бұл — еуропалық компаниялардың тең жағдайда бәсекелесуіне мүмкіндік беретін жағдайларды жасауға бағытталған қадамдар.
Бірлескен мәлімдеме мәтінінде: «Франция мен Италия сонымен қатар келесі Еуропалық кеңесті дайындау және келесі көпжылдық қаржылық база, көші-қон, кеңею және реформа бойынша ынтымақтасуға бел байлады» делінген.
Француз Республикасының президенті мен Италия премьер-министрі келесі екіжақты саммит Францияда 2026 жылдың басында өтеді деп шешті.
Италия премьер-министрі Джорджа Мелонидің Қазақстанға келуі екіжақты қарым-қатынастың жаңа кезеңі басталғанын айқындап берді. Осы орайда Kazinform агенттігінің аналитикалық шолушысы екі ел достығының қазіргі жай-күйі мен болашағын бағдарлап көрді.