Мемқызметшілердің сана-сезімін қалай өзгертуге болады - Алик Шпекбаевтың пайымы

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекеттік қызметшілердің, ең алдымен басшылардың сана-сезімін жаңғырту икемді дағдыны дамытумен басталуы тиіс. Мұндай пікірді ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев Фейсбуктегі парақшасы арқылы білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

«Елімізде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы жүзеге асырылуда. Оның аясында агенттік мемлекеттік қызметшілердің ойлауын трансформациялауға бағытталған «Өзгерістерді өзіңнен баста» жобасын жүргізуде. Осыған байланысты ұжыммен мемлекеттік қызметшілерге қатысты қалыптасқан стеротиптерді өзгертудің жаңа әдістерін қолдану бойынша «ақыл-ойға шабуыл» шарасын өткіздім. Оған егжей-тегжейлі тоқталмай, кездесуде түйген кейбір ойларыммен бөліскім келеді», - деді ол.

Оның пайымынша, мемлекеттік қызметшілердің, ең алдымен басшылардың сана-сезімін жаңғыртатын икемді дағдыны дамытумен басталуы қажет.

«Бұл ауқымы кең түсінік. Дегенмен, іс жүзінде сөз тыңдау және тыңдай білу қабілеті жайында болып отыр. Таяу болашақта жоғары эмоциалық интеллект мемлекеттік қызметшілерді іріктеудің ең басты критерийлерінің біріне айналатындығына шәк келтірмеймін», - деді Алик Шпекбаев.

Оның пайымынша, мемлекеттік қызметшілер арасындағы жүйелі бұзушылықтармен қандай да бір күш қолдану шараларынсыз-ақ күресуге болады.

«Жол қозғалысы ережесін жүйелі бұзу, дөрекілік, спирттік ішімдік ішу - мұның барлығы да мемлекеттік органдардың қабырғасында әлі де бар. Бірақ, бұл құбылыспен қандай да бір күш қолдану шарасынсыз-ақ күресуге болады. Әріптестер мінез-құлықтың мұндай модельдерін қабылдай амайтындығын бір-біріне ашық айтып, ал басшылық өздерінің іс-әрекетімен оны көрсетіп, дәлелдеуі тиіс», - деді агенттік басшысы.

Соңғы жаңалықтар