Мемлекет басшысы Ақтөбенің Саржансай ауылындағы спорт кешеніне барды

Мемлекет басшысының Ақтөбе облысына жұмыс сапары Мәртөк ауданы Саржансай ауылындағы спорт кешенінің жұмысымен танысудан басталды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. 

Қасым-Жомарт Тоқаев Ақтөбе облысына жұмыс сапары
Фото: Ақорда

Бұл нысанның жалпы аумағы 1048 шаршы метрді құрайды. Мұнда спорттың бірнеше түрі бойынша үйірмелер жұмыс істейді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ақтөбе облысына жұмыс сапары
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев еркін күрес залы мен шағын футбол алаңын аралап көрді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ақтөбе облысына жұмыс сапары
Фото: Ақорда

Президент спорт кешенінде жас спортшылармен кездесті. Әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев спортпен шұғылданудың маңыздылығына назар аударды. Спорт адамның көзқарасын түзейді. Әсіресе жастарға күш-жігер береді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ақтөбе облысына жұмыс сапары
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы футболға қолдау көрсетілетініне тоқталып, аталған спорт түрінің болашағына сеніммен қарайтынын жеткізді.

айта кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысы Ақтөбе облысына жұмыс сапарымен барғанын жазған едік. 

 

Соңғы жаңалықтар