Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Мемлекет басшысы Алатау қаласын дамытуға қатысты Жарлыққа қол қойды

АСТАНА. KAZINFORM – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алатау қаласын дамыту мәселелеріне қатысты Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.

Алатау 2 миллионға жуық тұрғыны бар қалаға айналады
Фото: Kazinform / Gov.kz / Freepik

- Президент «Алатау қаласын дамытудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 26 қыркүйектегі №1015 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Жарлыққа қол қойды, - делінген құжатта.

Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев Алатау Қазақстандағы толық цифрланған алғашқы қала болатынын айтқан еді.

Сондай-ақ Үкіметке Алатау қаласының инфрақұрылымына қажетті қаржы бөлуді тапсырды.