Мемлекет басшысы Әзербайжан Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

АСТАНА. KAZINFORM - Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевті және әзербайжан халқын ұлттық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Тоқаев  - Әлиев
Фото: Ақорда

– Сан ғасырлық достыққа негізделген қазақ-әзербайжан қарым-қатынасы шынайы стратегиялық серіктестік пен одақтастық рухында дамып келе жатқаны қуантады. Бірлескен күш-жігеріміз арқылы жетістіктерімізді еселеп, сан қырлы мемлекетаралық ынтымақтастықты жаңа белеске шығаратынымызға сенімдімін, – деп жазылған жеделхатта.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевтің жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал бауырлас әзербайжан халқына бақ-береке тіледі.

Осыған дейін Мемлекет басшысы Грузия Президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтаған болатын.

 

Соңғы жаңалықтар