Мемлекет басшысы Биньямин Нетаньяхумен телефон арқылы сөйлесті

АСТАНА. KAZINFORM – Израиль тарапының бастамасымен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министр Биньямин Нетаньяхумен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Президент Биньямин Нетаньяхумен телефон арқылы сөйлесті
Фото: Ақорда

Әңгімелесу барысында Қазақстан мен Израиль арасындағы көпжылдық және сан қырлы ынтымақтастық қарқынды дамып келе жатқаны атап өтілді.

Тараптар екіжақты және көпжақты күн тәртібіндегі мәселелер бойынша ықпалдастықты одан әрі арттыруға ниетті екенін растады.

Бұдан бөлек, Биньямин Нетаньяху Қазақстанның Ибраһим келісімдеріне қосылуы туралы шешімі үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа айрықша ризашылығын білдірді.

Израиль Премьер-министрі бұл қадамды бейбітшілік, тұрақтылық пен халықаралық диалогты нығайту ісіндегі батыл әрі көреген шешім ретінде бағалады.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Биньямин Нетаньяху байланыстарды жандандыруға, соның ішінде жоғары деңгейдегі сапарлар ұйымдастыруға уағдаласты.

Еске салсақ, бұдан бұрын Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының төртінші отырысы өткенін жазғанбыз. 

Соңғы жаңалықтар