Мемлекет басшысы Джаред Коэнмен кездесті

НЬЮ-ЙОРК. KAZINFORM – Мемлекет басшысы Goldman Sachs Global Institute компаниясының жаһандық мәселелер бойынша президенті Джаред Коэнмен кездесу өткізді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Мемлекет басшысы Джаред Коэнмен кездесті
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев америкалық Goldman Sachs жетекші инвестициялық банкінің Қазақстан Ұлттық банкімен ұзақ мерзімді серіктестік орнатқанын атап өтіп, ықпалдастық деңгейіне жоғары баға берді.

Мемлекет басшысының айтуынша, толық цифрлық мемлекетке айналуды көздейтін Қазақстан жасанды интеллект, қаржы экожүйесін цифрландыру салаларындағы ынтымақтастыққа қызығушылық танытады.

Президент Goldman Sachs Global Institute компаниясының жаһандық мәселелер бойынша басшысымен кездесті
Фото: Ақорда

Ал Джаред Коэн Goldman Sachs Digital Asset Platform цифрлық қаржы тұғырнамасының тәжірибесіне тоқталды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысының Cameco корпорациясының президенті Тим Гитцельді қабылдағанын жазған едік. 

Мұның алдында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Нью-Йоркке жұмыс сапары басталғанын хабарладық. 

Соңғы жаңалықтар