Мемлекет басшысы Грузия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
АСТАНА. KAZINFORM – Қасым-Жомарт Тоқаев Михаил Кавелашвилиді және оның отандастарын ұлттық мереке – Тәуелсіздік күнімен құттықтады.
Президент жеделхатта достық пен өзара құрметке негізделген қазақ-грузин қарым-қатынастарын одан әрі нығайтуға бейіл екенін растады.
Қасым-Жомарт Тоқаев Михаил Кавелашвилидің жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал Грузия халқына бақ-береке тіледі.
Айта кетейік, Президент Иордания Короліне құттықтау жеделхатын жолдады.