Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президентін II дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады

АСТАНА. KAZINFORM – Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.

Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясы
Фото: Ақорда

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі кинология саласын дамытуға қосқан үлесі үшін Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді II дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады,-делінген хабарламада.

Айта кетейік, осыған дейін Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдаған болатын.

Кездесуде қазақы ит тұқымдарын сақтау және тұрақты генетикалық қорын қалыптастыру ісінде халықаралық федерациямен ынтымақтастық перспективасы талқыланды.

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ тазысын алдын ала тануға оң септігін тигізгені үшін Тамаш Яккельге алғыс айтты.