Мемлекет басшысы Хорватия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
АСТАНА. KAZINFORM — Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Зоран Милановичті және оның отандастарын Мемлекеттілік күнімен құттықтады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
— Мемлекет басшысы хатта Қазақстан Хорватиямен ұзақ жылдар бойғы ынтымақтастықты жоғары бағалайтынын және кең көлемді бағыттар бойынша екіжақты байланыстарды одан әрі нығайтуға бейіл екенін атап өтті, — делінген хабарламада.
Қасым-Жомарт Тоқаев Зоран Милановичтің жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал хорват халқына құт-береке тіледі.
Бұдан бұрын Садыр Жапаров Қазақстан халқын Конституциялық реформаны сәтті өткізуімен құттықтағанын жаздық.