10:00, 30 Қаңтар 2026 | GMT +5
Мемлекет басшысы Испания Короліне құттықтау жеделхатын жолдады
АСТАНА. KAZINFORM – Қасым-Жомарт Тоқаев Король VI Фелипені туған күнімен құттықтады.
Президент жеделхатта екі ел арасындағы берік достыққа, сындарлы саяси диалог пен өзара тиімді сауда-экономикалық байланыстарға негізделген стратегиялық серіктестік дәйекті түрде дамып келе жатқанын атап өткен. Сондай-ақ ынтымақтастықты тереңдетудің мол әлеуетін пайдалана отырып, қазақ-испан қарым-қатынасын жаңа әрі сапалы деңгейге шығаруға мүдделі екенін растаған.
Қасым-Жомарт Тоқаев Король VI Фелипенің аса жауапты қызметіне толайым табыс, ал испан халқына бақ-береке тіледі.
Айта кетейік, Мемлекет басшысы Жоғарғы Сот төрағасы Асламбек Мерғалиевті қабылдады.