Мемлекет басшысы Қарулы Күштерде бірқатар кадрлық тағайындаулар жасады

АСТАНА. KAZINFORM – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімдерімен Қарулы Күштерде бірқатар кадрлық тағайындаулар жүргізілді.

Акорда Ақорда
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

- Махсут Курманалиевич Гусейнов Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшысы болып тағайындалды. Осыған дейін атқарған лауазымынан босатылды.

Сондай-ақ Бағлан Әбдіжәлелұлы Өсербаев «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы лауазымына тағайындалды, - делінген құжатта.

Айта кетейік, бұған дейін Мейіржан Байғонысов Президент Әкімшілігі инвестиция бөлімінің меңгерушісі болды.