Мемлекет басшысы Кемел Тоқаев атындағы № 33 мектеп-гимназияға барды

АСТАНА. KAZINFORM — Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаров Бішкек қаласындағы № 33 мектеп-гимназияны бірге аралап көрді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы Кемел Тоқаев атындағы №33 мектеп-гимназияға барды
Фото: Ақорда

Бұл ғимаратта Ұлы Отан соғысы жылдары Фрунзе жаяу әскер училищесі орналасқан. Қазақстан Президентінің әкесі — соғыс ардагері, жазушы Кемел Тоқаев дәл осы жерден майданға аттанған.

Мемлекет басшысы Кемел Тоқаев атындағы №33 мектеп-гимназияға барды
Фото: Ақорда

Білім ошағына К.Тоқаев есімін беру туралы бастаманы Президент Садыр Жапаров биыл мамыр айында көтерген болатын. 

Мемлекет басшысы Кемел Тоқаев атындағы №33 мектеп-гимназияға барды
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы білім ордасының ұстаздарымен және оқушыларымен әңгімелесті.

Мемлекет басшысы Кемел Тоқаев атындағы №33 мектеп-гимназияға барды
Фото: Ақорда

Осыған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстанның бірқатар мемлекет және қоғам қайраткерін марапаттағанын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар