Мемлекет басшысы: Қызылордада футбол академиясы салынады

АСТАНА. KAZINFORM - Президент Қызылорда қаласындағы 11 мың көрерменге арналған жаңа футбол стадионын аралап көрді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Президент
Фото: Ақорда

Нысанның құрылысы биыл қазан айында аяқталған. Жаңа спорт кешені UEFA талабы бойынша IV санатқа сай келеді. Аренада халықаралық сайыстармен бірге мәдени іс-шараларды өткізуге болады.

Президент
Фото: Ақорда

Кешенде бокс, күрес, спорттық гимнастика, ауыр атлетика және басқа да спорт түрлеріне арналған залдар бар.

Президент
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы «Қайсар» футбол клубының ойыншыларымен әңгімелесті.

– «Қайсар» – елімізде жеке меншікке өткен алғашқы клубтардың бірі. Алдағы уақытта футбол академиясы салынады. Клубтың келешегі жарқын болады деп ойлаймын. Баршаңызға табыс тілеймін, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Кездесу соңында Президент футбол добына қолтаңба қойды.

Президент бұған дейін Қызылордаға сапары барысында жаңа жылу электр орталығына барды.

 

Соңғы жаңалықтар