16:00, 01 Қаңтар 2026 | GMT +5
Мемлекет басшысы Куба Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
АСТАНА. KAZINFORM – Қасым-Жомарт Тоқаев Мигель Марио Диас-Канель Бермудес пен оның отандастарын Куба Республикасының ұлттық мерекесі – Революцияның салтанатты жеңісі күнімен құттықтады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Президент жеделхатта Қазақстан мен Куба арасындағы достық және өзара түсіністікке негізделген қарым-қатынас қос халықтың игілігі үшін одан әрі тереңдей беретініне сенім білдірген.
Қасым-Жомарт Тоқаев Мигель Марио Диас-Канель Бермудестің аса жауапты қызметіне толағай табыс, ал Куба халқына құт-береке тіледі.
Айта кетейік, Кубада шетел валютасының еркін айналымы енгізілді.