Мемлекет басшысы Құрметті қонақтар кітабына жазба қалдырды
АСТАНА. KAZINFORM — Сеулге мемлекеттік сапармен барған Қазақстан Президентін Корея Республикасы Президентінің резиденциясында салтанатты түрде қарсы алды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ли Чжэ Мёң бір-біріне делегация мүшелерін таныстырды.
Құрмет қарауылының бастығы рапорт беріп, екі елдің мемлекеттік әнұрандары шырқалды.
Еске сала кетейік, бұған Корея Президенті резиденциясында Қасым-Жомарт Тоқаевты қарсы алу рәсімі өтті.
Оған дейін Мемлекет басшысы Қазақ-корей дөңгелек үстелінің ашылуында сөз сөйледі.
Тоқаев Қазақстанның минералды ресурстарын игеруде Кореямен жаңа модель ұсынды.
Артынша Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Оңтүстік Корея Премьер-министрі Хан Сон Сук Alatau Smart City жобаларымен танысты.