Президент күштік құрылым басшыларының жаңадан тағайындалған орынбасарларын қабылдады
АСТАНА. KAZINFORM – Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының бірінші орынбасары Әли Алтынбаевты, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – Терроризмге қарсы қызметтің бастығы Бақытбек Рахымбердиев пен Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы Аңсаған Балтабековті қабылдады.
Кездесуде Мемлекет басшысы жаңадан тағайындалған лауазымды тұлғаларға тиісті ведомстволарда өздері жетекшілік ететін бағыттар бойынша бірқатар тапсырма берді.
Айта кетейік, осыған дейін Мемлекет басшысы ҚР Ішкі істер министрі Ержан Сәденовті қабылдады.
Мемлекет басшысына ұйымдасқан, кибер және есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ кадрлық әлеуетті арттыру жөнінде бұған дейін берген тапсырмаларының орындалу барысы баяндалды.