Мемлекет басшысы Мозамбик Республикасының Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

АСТАНА. KAZINFORM - Қасым-Жомарт Тоқаев Мозамбик Республикасының Президенті Даниэл Шапуға құттықтау жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Мемлекет басшысы Мозамбик Республикасының Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Фото: Ақорда

Президент Даниэл Шапу мен оның отандастарын Мозамбик Республикасының тәуелсіздігіне 50 жыл толуымен құттықтады. 

– Осынау тарихи күн халқыңыздың бірлігі мен жасампаздығының айқын нышаны, мемлекеттілік пен тұрақты дамудың мызғымас тұғыры ретінде ерекше мәнге ие. Еліңіз тәуелсіздік құндылықтарын ту етіп, алдағы уақытта да биік мақсат-мұратқа жете беруіне тілектеспін, - деп жазылған жеделхатта.

Мемлекет басшысы Қазақстан мен Мозамбик арасындағы достық қарым-қатынас одан әрі дами беретініне сенім білдірді. 

Соңғы жаңалықтар