Мемлекет басшысы «Орталық Азия – Жапония» бизнес форумына қатысты
АCТАНА. KAZINFORM - Президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен қатар іс-шараға Жапония Премьер-министрі Санаэ Такаичи, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов пен Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев қатысты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Жиын аясында «Жасыл даму және орнықтылық», «Цифрлық трансформация мен өзара байланыс», «Қаржы, адам ресурстары және бизнеске арналған әлеуметтік жүйені дамыту» секілді тақырыптық сессиялар ұйымдастырылды.

Сондай-ақ Орталық Азия мен Жапонияның іскерлік орта өкілдері кездесулер өткізді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ресми сапары және «Орталық Азия – Жапония» бизнес форумының қорытындысы бойынша қазақстандық тарап пен жапон бизнес құрылымдары арасында жалпы құны 3,72 миллиард доллар болатын 60-тан астам құжатқа қол қойылды.
Айта кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Орталық Азия – Жапония» диалогының бірінші саммитінде сөз сөйледі.
Келесі «Орталық Азия – Жапония» саммиті Қазақстанда өтеді.