Мемлекет басшысы Польша президенті Анджей Дудаға құттықтау жеделхатын жолдады

АСТАНА. KAZINFORM – Қасым-Жомарт Тоқаев Анджей Дуданы Польша Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

Мемлекет басшысы Польша президенті Анджей Дудаға құттықтау жеделхатын жолдады
Фото: Ақорда

Президент жеделхатында Қазақстан мен Польша арасындағы байланыстың қарқынды дамып келе жатқанын атап өтіп, өзара ықпалдастық екі елдің игілігі үшін одан әрі нығая беретініне сенім білдірген.

Қасым-Жомарт Тоқаев Анджей Дуда мен Польша халқына құт-береке тіледі.

Соңғы жаңалықтар