Мемлекет басшысы Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті

АСТАНА. KAZINFORM — Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президентінің биыл мамыр айында Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапары аясында қол жеткізілген уағдаластықтар екіжақты ықпалдастықтың барлық бағытына айтарлықтай серпін бергенін атап өтті.

Токаев и Путин
Фото: Ақорда

Ақорданың баспасөз қызметі мәлім еткендей, екі ел үкіметтері аталған келісімдерді дәйекті түрде жүзеге асырып жатыр.

Әңгімелесу барысында шілде айының соңында Омбы қаласында ұйымдастырылатын ХХІІ Қазақстан — Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумына дайындық мәселелеріне ерекше назар аударылды.

— Мемлекеттер басшылары халықаралық және өңірлік күн тәртібінің өзекті мәселелерін талқылады. Президенттер жұмыс барысында тұрақты байланыста болуға келісті, — делінген хабарламада.

Бұған дейін ҚР Президентінің Парламент палаталарының бірлескен отырысында сөйлеген сөзінің толық мәтіні жарияланғанын жазғанбыз.