Мемлекет басшысы Сингапур халқын Ұлттық күнімен құттықтады

АСТАНА. KAZINFORM – Сингапур Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады. Қасым-Жомарт Тоқаев Тарман Шанмугаратнам мен Сингапур халқын Ұлттық күнімен құттықтады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Сингапур
Фото: Ақорда

Президент Сингапурдың экономика, инновация және қоғамдық даму саласындағы таңғаларлық жетістіктерін атап өтті. Сонымен қатар еліміздің Сингапурмен арадағы шынайы достыққа және өзара қолдауға негізделген серіктестікті нығайтуға мүдделі екенін растады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Тарман Шанмугаратнамның бастамаларына табыс, ал Сингапур халқына бақ-береке тіледі.

Соңғы жаңалықтар