Мемлекет басшысы Таиланд Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

АСТАНА. KAZINFORM - Қасым-Жомарт Тоқаев Маха Вачиралонгкорнды Таиланд Корольдігінің Ұлттық мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы Таиланд Короліне құттықтау жеделхатын жолдады
Фото: Ақорда

Президент Астана мен Бангкок арасындағы достыққа, өзара түсіністікке негізделген қатынастардың тұғыры биік, әлеуеті мол екенін атап өтті. 
Сонымен қатар екі елдің сан қырлы ықпалдастығы қос халықтың игілігі жолында беки беретініне сенім білдірді.

Осыған дейін Тоқаев Біріккен Араб Әмірліктерінің президентін Ұлттық мерекесімен құттықтаған болатын.

 

 

Соңғы жаңалықтар