Мемлекет басшысы Telegram негізін қалаушы Павел Дуровты қабылдады

АСТАНА. KAZINFORM - Digital Bridge 2025 халықаралық форумының алаңында Қасым-Жомарт Тоқаев Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуровпен кездесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Президент - Дуров
Фото: Ақорда

Әңгімелесу барысында білім беру, жасанды инттелект және киберқауіпсіздік салаларындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды. 

Президент еліміздің цифрлық дамуына үлес қосқан Telegram мессенджерінің қызметіне жоғары баға берді. Компания ресми түрде Astana Hub кластерінің қатысушысы атанды. Қазақстанда кеңсесін ашып, AIem.АІ орталығында ЖИ-зертханасын іске қосты.

Павел Дуров Қасым-Жомарт Тоқаевқа жасанды интеллект саласында бірлескен жобаларды жүзеге асыру перспективасы туралы мәлімет берді.

Осыған дейін Мемлекет басшысы Стэнфорд университетінің профессоры Илья Стребулаевты қабылдаған болатын. 

 

Соңғы жаңалықтар