Мемлекет басшысы ҰҚШҰ Бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетовпен кездесті

АСТАНА. KAZINFORM – Қасым-Жомарт Тоқаев Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетовпен кездесу өткізді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысы ҰҚШҰ Бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетовпен кездесті
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысына биыл қараша айының соңында Қырғыз Республикасында өтетін ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясына дайындық барысы туралы баяндалды.

Сондай-ақ Ұйым қызметінің негізгі бағыттары бойынша бірқатар мәселе талқыланды.

Айта кетейік, Қырғызстанның Шолпан-Ата қаласында Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысы өтті. Жиынға ҰҚШҰ-ға мүше Қазақстан, Ресей, Беларусь, Тәжікстан және Қырғызстан өкілдері қатысты.

 

 

Соңғы жаңалықтар