12:17, 25 Желтоқсан 2025 | GMT +5
Мемлекет басшысы Жамбыл облысына жұмыс сапарымен барды
ТАРАЗ. KAZINFORM – Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар өнеркәсіптік және әлеуметтік нысандарды аралап көреді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар өнеркәсіптік және әлеуметтік нысандарды аралап көреді, экономиканың түрлі секторындағы инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысады, сондай-ақ облыс жұртшылығымен кездеседі.


Айта кетелік, Президент Астанада бірқатар нысанды аралап, қаланы дамыту жөнінде кеңес өткізген еді.